Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ ұлттық өнеріндегі қобыз аспабының өркендеуі

Қазақ ұлттық өнеріндегі қобыз аспабының өркендеуі

Қазақ ұлтының халық аспабы – қобыз жаңа заманға лайықталып жетілдірілгенге дейін, яғ­ни, бүгінгі сатысына жеткенше, қылдан екі ішекті қарапайым түрінде болғаны мәлім. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақтың халық аспаптар оркестірінің құрылуына байланысты оркестрдің жетекшісі А.Жұбановтың тапсырмасы бойынша музыкалық аспап жасайтын шеберлер Э.Романенко және К.Қасымов қобыздың жаңа түрлерін, оның ішінде, үш ішекті прима- қобыздың үлгісін дайындаған болатын.

Шын мәнінде, аталған аспап прима емес еді. Өйткені, оның құрылысы, бұрауы, диапазоны альтке жақындығы анық байқалатын. Ал 1953-1954 жылдары республикаға еңбегін сіңірген мұғалім, үлкен орындаушылық тәжірибесі бар Досымжан Тезекбаевтың дайындаған сызбасы бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А.Першин мен А.Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті сымнан прима-қобыз жасап шығарды. Төрт ішекті қобыздың айырмашылығы тек қо­сыл­ған төртінші ішегінде ғана емес, оның құры­лысына, жасалуына байланысты тыңнан жаңа­лық қосылды.

Жаңа аспаптың дыбыс көлемі өссе де, мойны қысқарып, ойнау тәсілі жеңілденді. Сол қол­дың саусақтарын ішекке дұрыс қою ыңғайлы қалыптастыруға жағдай туды. Осы айтылған өзгерістің нәтижесінде жаңа төрт ішекті прима-қобыздың көмегімен ірі виртуоздық пьесалар мен этюдтер ойнау және күрделі шығармалар орындау дәрежесіне көтеріле алған едік. Бұл ретте Досымжан Тезекбаевтың қобызы респуб­ликаға танымал музыка мамандары тарапынан қолдау тауып, 1960 жылға дейін барлық музыкалық училище мен балалар музыка мек­тептерінде, Құрманғазы атындағы Алматы мем­лекеттік консерваториясында пайдаланылады. Сол уақытта қазақтың Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар ор­кестріне төрт ішекті прима-қобыз келіп қо­сылды. Сым прима-қобыздың орындау техни­касы скрип­каға ұқсас, ал апликатурасы велон­чель­ге ұқсас болып ке­леді.

1968 жылы Құрманғазы атындағы консер­вато­рияның ректоры, композитор Е.Рахма­диев­тің бастамасымен тұңғыш рет қыл қо­быз сыныбы ашылып, оған ұстаз­дық етуге бел­гілі қобызшы Ж.Қаламбаев шақы­рылып, оны Д.Мықтыбаев жалғастырды. Өз­гер­­­тіліп же­­тіл­дірілген қобызда ең бірінші болып белгілі қыл қобызшы Ж.Қаламбаев ойнады. Ол көптеген дарынды қобызшыларды да­йын­­­­­дады. Олардың ішінде Г.Баязитова, Ф.Бал­ғае­ва, Р.Нұрпейсова, М.Каленбаева, З.Бей­сем­баева, Д.Тезекбаев болды. Оркестр құ­­­­ра­мын­­дағы бастаушы, орындаушылар сол кезде нота сауатын білмегендіктен, көбісі ди­ри­жер­дың қолына қарап үйренген болатын. Қазіргі кезеңде көптеген оқу орындарында, музыка кол­ледждерінде, консерватория мен музыка академиясында қобыз сыныптары ашылып, шәкірт­терді рухани байлығымыз қазақтың музыкалық дәстүрін сақтап қалып, әрі қарай дамытуға үлкен мән берілуде.

Аспаптың шығу тарихы мен құрылымына байланысты сым қобыздың репертуары жағы­нан ерекшелігі қазақ халқының дәстүрлі күйлері, сонымен қатар Батыс Еуропа классика­лық шығармалары орындалады. Қазіргі таңда қо­ғам­дағы болып жатқан оң өзгерістер Үкімет­тің ұлттық өнерге деген жанашырлығы, рухани жаңғыру сияқты бағдарламалар ұлттық аспаптардың, оның ішінде қобыз аспабының қайта жаңғыруына жол ашты. Сол себептен қобыз аспабының жастар арасында беде­лінің өсіп, келешекте өз табынушылары мен тың­дармандарының, орындаушыларының қата­ры кө­бейе түсетініне бек сенімдіміз!

Сәрсенкүл ТҮГЕЛБАЕВА,
Сырдария аудандық өнер мектебінің
қобыз сыныбының мұғалімі
28 ақпан 2023 ж. 386 0