Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ


Қазақ халқының тарихи-этникалық мә­­де­ниетінің көзі болып саналатын төл ас­пабымыз қобыздың тарихы 4 мың жыл­­дықты құрайды. Бұл негізінен екі шекті қырыққа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Бұрындары ұлт өнері жер бетінен жоғалып кетуге сәл-ақ қалған. Сонау Қорқыт ата мұрасының баға жетпес құндылығы коңыр үнінде жатыр. Өткен ғасырлар шең­бе­рінде саз аспабы ретінде қобыздың тағдыры қыл үстінде тұрған кездері де болған. Кереғар пікірлер кесірінен аспаппен орындайтын шығармалар сирек жазылып, ұмытылып кете жаздаған. Дегенмен ұлт музыка өнерінің жанашырлары тарихы терең мол мұрамыздың қайта жандануына өз үлестерін қосып келеді. Жылдар тоғысынан сүрінбей өткен қобыз сарыны ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіліп келеді. Тәуелсіздік алған тұста егемендігімізбен бірге ұлт нақыштары қанатын кеңге жайды. Ұлт аспабын қолына алып, музыка саласына ден қойғандар қатары көбейді. Жерігілікті әуез мектептерінде қобыз сыныптары ұйымдастырылып, дәстүр сабақ­тастығы бір жолға қойылған.
Әуез мектебі жанынан ашылған қо­быз сыныбының оқушылары аудандық, об­лыстық, халықаралық дәрежедегі жа­рыс­тарға қатысып, аудан мерейін асқақ­татуда. Тың туындыларымен халық көңілі­нен шығып, үздік нәтижеге қол жеткізуде. Жақында Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ма­қаласы аясында Халықаралық «Бейбіт­шілік әлемі» өнер фестивалі өткізілген болатын. Аталмыш байқауда аудан атынан қобызшылар қатысып, олжалы жетістігімен сүйіншілеген еді. Атап айтқанда 5 қобыз сыныбының оқушысы Аружан Жақсыбаева «Романс» Латиф Хамиди шығармасын орындап, бас жүлдеге ие болды. Ал, 4 қобыз сыныбының оқушысы Гауһар Ахметова «Жез киік» Ықылас шығармасын көпшілікке ұсынып, І орынды еншіледі. Қос жеңімпаздың жетекшісі Сәрсенкүл Түгелбаева екендігін айта кеткеніміз жөн.
Міне, көненің көзіне айналған саз аспабын жандарына серік еткен өнерпаздардың алар асуы алда екені анық. Олар өз шеберліктерін шыңдап, биік жетістікке же­ту­ді қалайды. Ендеше, өнерпаздарға сәт­тілік тілейміз.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
28 сәуір 2018 ж. 1 524 0