Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс ХХХ конференция өтті

Кезектен тыс ХХХ конференция өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде "Nur Otan" партиясы Сырдария аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы болды.

Конференцияны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ашып, күн тәртібін таныстырды.
Күн тәртібінде  «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы,  «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы,  «Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық филиалы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы,  «Nur Otan» партиясынан Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы,  «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттарды сайлау туралы, Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында пікірсайыс және дебат қорытындысы бойынша дауыс беру  секілді мәселелер қаралды. 

Конференция күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша Сырдария ауданының әкімі Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлын делегаттар бірауыздан аудандық партия филиалының төрағасы етіп сайлады.


Өз кезегінде аудандық партия филиалы төрағасы Талғат Тұрсынұлы конференция жұмысына және пікірсайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына аудандық партия филиалының 24 бастауыш партия ұйымынан 60 делегат сайланып, қатысты.

Конференцияның күн тәртібіне енген барлық мәселелер толық қаралып, делегаттардың келісімімен бекітілді. Кезектен тыс конференция барысында делегаттардың тамашалауымен пікір сайыс өтіп, үміткерлер өз бағдарламаларын кеңінен таныстырып, ауданның өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсынды. Конференция делегаттары пікірсайысқа түскен үміткерлерге дауыс берді.

11 қараша 2020 ж. 651 0