Кезектен тыс ХХХІІ конференция өтті
Бүгін Сырдария аудандық партия филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өткізілді. Конференцияға аудандық партия филиалына қарасты 24 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 50 делегат онлайн және оффлайн режимде қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылды:
1. «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы
2. «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы
3. А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов, Іңкәрдария ауылдық округі әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттарды бекіту туралы
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағалығына партияның Орталық аппаратының келісімімен аудан әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлының кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.
Конференцияның күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып хабарлама жасап, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына аудандық партия филиалының төрағасы Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлын қосу бойынша ұсыныс білдіріп, делегаттар тарапынан қолдау тапты.
Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2021 жылғы 30 маусымдағы қаулысына сәйкес А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов, Іңкәрдария ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттарды таныстырып, бекіту үшін
жеке-жеке дауысқа салуды ұсынды.
Дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 2021 жылдың ІІ жарты жылдығында өтетін А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов, Іңкәрдария ауыл әкімдерінің сайлауына партия атынан конференция делегаттарының басым дауысын алған кандидаттар, Сырдария аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылу үшін қаулы қабылданды.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты