Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер – халықтың қазынасы

Жер – халықтың қазынасы

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы жерлеріне байланысты мәселе көтерген болатын. Жер – халықтың қазынасы деп ата-бабамыз ертеректе айтқан болатын. Қашанда жерден ырзық-несібесін терген жергілікті халықтың басты мүддесі, тікелей міндеті халық қазынасын көзінің қарашығындай сақтау болып табылады. Қазіргі уақытта Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімінің жұмысы ілгері басуда. Аталған бөлімнің 2022 жылдың 11 айында  атқарған жұмысы жайында бөлім басшысымен сұқбаттасқан болатынбыз.

– Бағлан Мейрамбекұлы, сіз басқаратын бөлімнің негізгі жұмыс барысымен, ауданның жер қоры жайында кеңінен ақпарат берсеңіз.

Қазіргі таңда ауданымыздың жер қоры 4 260 635 гектарды құрап отыр, оның ішінде ауданның негізгі әкімшілік аумағының көлемі – 2 904 533 гектар болса, 1 356 102 гектарын Ұлытау облысы, Ұлытау ауданынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған жерлер құрайды. Оның ішінде, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елді мекен жерлері, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлер бар. Негізінен, аудандық жер қатынастары бөлімінің сан алуан тарапқа бөлінеді. Айта кетейік, бөлімге мерзімді уақытта 202 өтініш, (оның ішінде жеке тұлғалардан – 147, заңды тұлғалардан – 35 өтініш, жеке қабылдау – 20 түсіп, уақытылы жауап хаттар жолданды. Сонымен бірге, бөлім мен жер пайдаланушылар арасында жасалған шарттарды айта кеткен жөн.Барлығы 530 шарт жасалды. Оның ішінде, елді мекен жерлерінен жер учаскесін алған азаматтармен жыл басынан бері 6 681 198 теңгеге жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шартының саны – 57, жер учаскесін жалға беру (өтеулі, өтеусіз) шарттары саны – 323 және  жер учаскесін жалға беру шарттарына қосымша шарттар саны - 150 шарт жасалды.

Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғаларға аудан әкімдігінің 55 қаулысының жобасы (жер учаскесін табыстау, сервитут белгілеу, қайтарып алу және тағы басқа) әзірленіп қабылданды. ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына сәйкес 2022 жылдың 11 айында мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша 2 122 қызмет түрі көрсетілді.

– Пайдаланылмаған кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелері туралы айтып өтсеңіз?

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының талаптарына сәйкес тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын негізге ала отырып, аудан аумағындағы жер учаскелері тиісті мақсаттарда пайдаланылмаған, құрылысы аяқталмаған нысандар бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді.

Анықтау барысында, 15 кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелері анықталып, ҚР Жер кодексінің 65, 92-баптары талаптарының сақталуын қадағалау жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды қолдану мақсатында облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Нәтижесінде, 6 жер учаскесінің меншік иелеріне заң бұзушылықтарды жою туралы 1 (бір) жылға нұсқама берілді, 2 жер учаскесінің табысталғанына 3 (үш) жыл мерзім толмағандықтан жоспардан тыс тексеру жұмыстарына негіз жоқ екендігі хабарланды, 5 жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы мақсатынан кәсіпкерлік мақсатқа ауыстыру үшін есекерту берілгендігі және қалған 2 жер учаскесі бойынша мемлекеттік тіркеуде РНН болып тіркелуіне орай тексеріс ашу мүмкін болмағанын жеткізді.

Бұдан бөлек, 2021 берілген нұсқамалар нәтижесімен 5 кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

– Ал аудандағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатында айналымына енгізу жұмыстары бойынша не айтасыз?

– 2022 жылы сауда-саттық (конкурс) арқылы жалпы көлемі – 1319,4 гектарды құрайтын жер учаскесі ауданның босалқы жерлері санатынан ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жоспарланып, биылғы жарты жылдықта жалпы көлемі – 1358 гектар болатын 15 жайылымдық жер учаскесі конкурс негізінде жеке тұлғаларға табысталды.

Сонымен қатар, ауданның босалқы жері санатынан жыл басынан бері аудан әкімдігінің қаулысымен шалғайдағы (маусымдық жайылымдар) мал шаруашылығы үшін 5 (бес) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жалпы көлемі – 15 175гектар жәнебау-бақша үшін 5 (бес) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жалпы көлемі – 2000 гектар жер учаскесін Жетікөл ауылдық округінен «Жетікөл Жер» ЖШС-не және 3 азаматқа жалпы көлемі – 3,0 гектар болатын жер учаскесі табысталған болатын.

Аудан бойынша жер учаскелерінде заңсыз карьер қазу фактілері мен есірткі алқаптары анықталған жер учаскелері туралы мәлімет беріп өтсеңіз?

Қалжан ахун ауылдық округінде орналасқан жалпы көлемі - 20,0 гектар жер учаскесінен заңсыз карьер қазу фактісі анықталған болатын. Заңға сәйкес меншік иесі анықталып ҚР Жер Кодексінің 92,93,94 баптарының талаптарын, ҚР ӘҚБтК-нің 338, 802 баптарын басшылыққа ала отырып, тиісті дәлелді құжаттарымен Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне бөлім тарапынан арнайы ұсыныс жолданған болатын. Қазіргі таңда, тиісті меншік иесімен сот тәртібіндеаппелициялық сатыда қаралып, аяқталды.

Қазіргі күні, аталған жер учаскесі бойынша іс ҚР Жоғарғы Соты әкімшілік істер жөніндегі сот алқасында кассациялық сатыда қаралуда.

Одан бөлек, басқа да заңсыз карьер қазу жұмыстарын жүргізіліп жатқандығы анықталып, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін басшылыққа ала отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбай отырған жеке тұлғаның жер учаскесіне қатысты құжаттарын жинақтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, әкімшілік жазалау шарасын қолдану жөнінде облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Ал «Қарасора-2022» іс-шара жоспарына сәйкес аудандық полиция бөлімінің анықтауымен аудан бойынша барлығы - 9 есірткі алқабы табылды. Анықталған есірткі алқаптары бойынша мәліметтер жинақталып, жер пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес тиісті шара қолдану мақсатында облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

– Алдағы жоспарлармен бөліссеңіз?

– Сырдария ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мақсатына сәйкес пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру. Қайтарылып алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін сауда-саттық (конкурс) арқылы қайта айналымға қосу. Аудан аумағындағы заңсыз егілген есірткі алқаптарын анықтап, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, жер реформасын түсіндіру жұмыстарын ұдайы ұйымдастыру. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған іс-шара жоспарын орындау мақсатында, сауда-саттық (аукцион) арқылы кәсіпкерлік мақсатында жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін табыстау.

Елді-мекен ішінде заңсыз қоршалған және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды, сонымен қатар, заңсыз қазылған карьерлерді анықтау жұмыстарын жалғастыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы сапалы жүргізу.


Сұқбаттасқан Балтабай ОРДАБЕКОВ
13 желтоқсан 2022 ж. 240 0