Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазір ипотека алу керек пе — Ұлттық банк басшысының кеңесі

Қазір ипотека алу керек пе — Ұлттық банк басшысының кеңесі

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов ипотеканың қазіргі шарттарына қатысты пікір айтты. KAZINFORM

Осы жайында бірнеше рет айтқан едім. Өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып, жоғары несие мөлшерлемесі жағдайында ипотека алуға асықпау керек. Себебі, үстеме төлемді еңсеру қиынға түседі. Мәселен, нарық мөлшерлемесі 10-12 пайыз болған кезде, ипотека алудың айырмашылығы сезіледі. Ал 20-22 пайыз кезінде жағдай мүлдем басқаша, — деді Тимур Сүлейменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның пайымынша, пайыздық мөлшерлеме жоғары кезде тұрғындар ипотекаға қатысты мәселені егжей-тегжейлі ойлануы керек.

— Бұл тұрғыда әр адам өзі шешім қабылдайтыны түсінікті. Дегенмен, осындай шарттарды ескере отырып, ипотека алуды кейінге қалдырар едім, — деді ҰБ басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтады.

Коллаж: Kazinform / Freepik


28 қараша 2025 ж. 109 0