Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Макроэкономикалық көрсеткіштер бақылауға алынды

Макроэкономикалық көрсеткіштер бақылауға алынды


Аудан әкімдігінің мә­жіліс залында аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте қаралған мәселенің біріншісі – аудан бойынша 2018 жылдың 8 айында мак­роэкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы И.МаҚаш хабарлама жасады. Хабарламашы 8 ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,5 пайыз төмендеп, аудан облыста соңғы орында тұрғанын айтты.
Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы өнімдері 687,5 млн. теңгені құрап, 14,9 пайызға төмендесе, мал шаруашылығы өнімдері 2,4 млрд. теңгені құрап, 0,7 пайызға өскен. Жауапты бөлім мамандары өсімдік шаруашылығы 85,1 пайыз орындалып, ауыл шаруашылығы 96,5 пайыз құрауын ауа райының қолайсыздығына, яғни егін орағы мерзімінен кеш басталуымен түсіндіреді.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, өнеркәсіп са­ласының өңдеу секторында тиісінше 5,1 пайыз және 0,2 пайыз артық орындалған. Ағымдағы жылдың 8 айында аудан экономикасына 22,2 млрд. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 есеге артық орындалған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. теңге болып, 3,3 есеге үлес басымдығын берген.
Аудан экономикасының тұрақтылығын қам­тамасыз ететін негізгі салалардағы мақсатты индикаторларды орындаудағы облыс әкімі мен аудан әкімі арасында келісім жасалған. Келісім бес негізгі мақсатты индикатордан тұрады. Олар: тіркелген шағын және орта кәсіпкерлердің ішіндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсімі, құрылған жаңа жұмыс орындары мен аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілердің аумасушылығы.
Аудан әкімі Ғ.Қазантаев: – 2018 жылдың 9 айына көрсеткіштерді орындау мақсатында қажетті ақпарат көрсетілген. Яғни 9 аймен өнеркәсіп өнімі мен өңдеу өнеркәсібі көрсеткіштері орындалып тұр. Ал, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі, құрылыс жұмыстары, пайдалануға берілген тұрғын үйлер және ауыл шаруашылығы көлемінің орындалуы үшін жұмыс жасалуы тиіс, – деді. Екінші мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров бөлімнің 8 айда атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы хабарлама жасады.
Мүлдем пайдаланбаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылған жеке және заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттарын біржақты бұзу арқылы мемлекетке қайтаруды қамтамасыз ету, түсіндіру шараларын жүргізу міндеті қойылды. Сондай-ақ жер қатынастары мәселесіне байланысты келіп түскен өтінімдер заңмен белгіленген тәртіппен, мерзімде қаралуы тиіс. Елді-мекендердегі жерлерге меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құжаттамалық тексеру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін конкурс арқылы табыстау бағытында жүргізілетін жұмыстарды бақылауға алу, жауапты бөлім тарапынан атқарылатын міндеттер. Бұл жайында аудан әкімі тапсырмаларды орындау мерзімдерін белгіледі.
Үшінші мәселемен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиевтің атқарған жұмыстары тыңдалды.
Ауданның мәдениет саласында 35 мәдениет мекемелерінде 240 қызметкер бар. Есепті мерзімде 611 мәдени шара өтіп, олар Елбасының Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен ауданның 90 жылдығына арналған. Аудан өнерпаздары 74 байқауға қатысып, Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі 5 рет бас жүлдені, (республикалық) және 1 Халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған. Мұндай жетістіктер Аманкелді ауылдық мәдениет үйі мен Іңкәрдария ауылдық клубтарға да тиесілі.
Мәдениет саласының негізгі проблемаларының бірі – ақылы қызмет көрсетудің орындалуы.­ Жыл­дық жоспар 12783,4 мың теңге болып бекітілген. Сегіз айдың жоспары 8004,8 мың теңге болып, орындалуы 86 пайызды құрап, 6884,8 теңгеге құраған. Жос­пардан қалып, ақылы қызметті орындау пайызы төмендердің қатарында аудандық мәдениет үйі, Тереңөзек кент клубы (О.Мәлібаев,) Шаған ауылдық мәдениет үйі мен Айдарлы ауылдық клубы бар.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың 14-і модельді кітапхана мәртебесін алған. Ғаламтор желісіне қо­сылған электронды қызметтерді оқырмандар ке­­ңінен пайдалануда. Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласының «Ру­ха­ният ошағы» жабасы аясында жыл соңына дейін аудандық орталық кітапхана мен Н.Ілиясов ауылдық кітапханасының базасында коворкинг орталығы ашылмақшы.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту­ бө­­лімінің атқарған жұмыстары бойынша кем­ші­ліктерге тоқталған аудан әкімі бөлім басшысына, аудан әкімі аппаратына нақты тапсырмалар берді. Ақылы қызмет көрсетудің жаңа түрлерін көрсету, мамандарға әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, Бесарық ауылындағы кітапхананы қайта жарақтандырылған кітапхана етіп ашу, қажетті отын қорымен қамту, ақылы қызмет көрсету жұмыстарына арнайы тексеру жүргізу алдағы уақыттың бақылауында болатын мәселелер.
Аппарат мәжілісінде қаралған соңғы мәселе Қы­зылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйым­дастырылатын ауыл шаруашылығы өнім­де­­рінің жәрмеңкесіне дайындық барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров хабарлады. Ауданның тиісті сала басшылары облыс орталығында өтетін жәрмеңкені жоғары деңгейде өтуіне тапсырмалар алды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Ғ.Қа­зан­таев өткен 8 айда ауданның әлеуметтік эко­номикалық дамуын айқындайтын макро­эко­но­ми­калық көрсеткіштер бойынша оң тенденция сақталып отырғанын айтып, жыл соңына дейін барлық сала көрсеткіштері бойынша облыста алдыңғы қатарда болуына жұмыс жасау керектігін тапсырды.

Б.ЖАНӘЛІ
02 қазан 2018 ж. 1 321 1

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 20:12
Competencia De Kamagra cialis Generic Cialis E20