Көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра, мопед басқарған
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Е. көлік кұралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, мопедін көше бойында басқарған.
Іс құжаттарына сәйкес, Е. 2020 жылы сот қаулысымен жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар, 2022 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынған. Алайда, Е. қайтадан осындай тектес құқық бұзушылық жасаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, іс құжаттарымен бекітілген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай









