Ана тілім
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Мен өз тілімді құрметтеймін әрі жақсы көремін. Әрбір адам анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Себебі біздің ата-бабамыз сонау замандардан қазақ тілінің жойылмауы үшін жан аямай күрескен. Солай бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырған. Туған тілімізді біз әрі қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Себебі, қазақ тілі – ұлттық, рухани асыл мұрамыз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген бекер айтылмаған. Біз – Тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің әрбір азаматы өз тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, жетік меңгеруі – міндет.
Біздің қазақ тіліміз өте бай тіл. Тіпті қазақ тілінде сөйлеп тұрған адамды тыңдап тұра бергің келеді. Ерекше бір әуезге толы десек болады. Себебі қазақ тілінің өзінің заңдылықтары бар.
Кейбіреулер өз тілін менсінбей, орысша не ағылшынша сөйлеуді абырой көреді. Иә, көп тіл білу абырой болар. Бірақ, өз ана тіліңді,туған тіліңді білмеу – нағыз масқаралық. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ойымды қорытындылағым келеді.
Кәусар ЕРБОЛҚЫЗЫ,
6-сынып, №36 мектеп-лицей
6-сынып, №36 мектеп-лицей