Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Біз – өз ұлттық ділін, құндылықтарын сүйетін қазақтармыз. Біздің ана тіліміз – тарихы терең қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдік тілдер арасында жетпісінші орында тұр. Бұл тілдің деңгейін әлем тілдері арасында жетекші етіп көтеруге болады. Себебі, қазақ тілінің бұған көптеген мүмкіндіктері бар.
Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тілдердің бірі. Өйткені, қазақ тілінің сөздік қоры өте көп сөзден тұрады. Кез келген тілдің сөздік қоры біздің тілдің сөздік қорына жетпейді. Тіпті, көптеген атақты тұлғалардың өзі қазақ тілінің бай әрі тамаша тіл екенін мойындаған. Мысалы, Платон Мелиоранский «Түркі тілдерінің ішінде ең байы қазақ тілі екенін бүкіл зерттеуші мойындаған» деген екен. Қарап отырсақ, біздің ана тіліміз туралы көрнекті тұлғалардың тамаша пікірлері көп.
Ендігі кезекте бастапқыда айтылған «келешекте қазақ тілін әлемдік деңгейдегі тілдер қатарынан көруіміз мүмкін бе?» деген сұраққа жауап беріп көрейік. Иә, келешекте қазақ тілін әлемдік деңгейдегі тілдер қатарынан көруіміз мүмкін. Тек қазақтар, яғни біздер, өз тілімізді шұбарламай дұрыс пайдалана білсек қана. Егер біз тілімізді бәрінен жоғары қойып, тек қазақ тілінде сөйлесек, ана тілімізді әлемдік деңгейге көтеріп, ғылыми тілге айналдыра аламыз. Ал егер әлемдік тілдерде сөйлейміз деп өз тілімізді ұмытып кетсек не шұбарлатып алсақ, ана тілімізді әлемдік деңгейдегі тілдер қатарынан көрмек түгелі, одан мүлде айырылып қалуымыз мүмкін. Тілдің деңгейін көтеретін де, түсіретін де – халық. Тілдің деңгейінің көтерілуі біздің іс-әрекетімізге байланысты. Егер тілді дұрыс пайдалансақ, келешекте өз тіліміздің ғылыми әрі әлемдік тілге айналғанын көре аламыз. Сондықтан тілге қатысты мәселелерге немқұрайлы қарамауымыз қажет. Мемлекеттің болашағы тілмен тығыз байланысты. Тіліміз дамитын болса, «Мәңгілік ел» болып қала аламыз.
Асылай Бектасқызы,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы