Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ел дамуының маңызды стратегиясы

Ел дамуының маңызды стратегиясы

Биылғы жаңа оқу жылы, яғни Білім күнінде Қа­зақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жаңа Жолдауын жария­лады. Жолдауда жаңа қоғамдағы Жаңа Қазақстанның даму перспективалары айқындалып, оны жүзеге асыру тетіктері нақты көрсетілді.

Президентіміздің Жолдауда көтерген барлық реформалары мен мәселелері халықтың күндегі тіршілігінен алынған. Саяси құжат барлық саланы қамтыды десек болады.

Жаңа Жолдауда жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралары туралы айтылды. Сонымен қатар ал­дағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы нақты тапсырма берілді.

Еліміздің экономикалық ахуалын жаңғырту сияқты үлкен міндеттермен қатар Президент қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмен­дету және құқық бұзушылықтар мен қылмыс­тарға тиімді қарсы іс-қимыл жасау міндеттерін де қойып отыр.

Аманкелді ауылдық округінде жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл – Президент тапсырмасының әрі мемлекетіміздің бас­ты міндетінің бірі. Жолдауда айтылғандай, алдағы уақытта жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау одан әрі жалғаса береді. Төменгі пайыз мөлшерде жеңілдетілген несие беру арқылы жастарға қолдау білдіру – елдегі жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір жолы.

Маңызды құжатта алдағы уақытта мемлекет, қоғам, әрбір қазақстандық не істеуі керектігі туралы, басты мәселелер жайлы нақты тапсырмалар берілді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау халыққа ерекше серпін берді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының баста­малары барлық мемлекеттік органдарға үлкен жауапкершілік жүктейді, осы өзгеріс­тердің барлығында да мемлекеттік органда­ры­ның, әсіресе әкімдік аппараттарының рөлі зор.

Мейрамбек НҰРҒАЛИЕВ,
Аманкелді ауылдық
округінің әкімі
10 қыркүйек 2022 ж. 310 0