Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңалығы көп жолдау

Жаңалығы көп жолдау

2022 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент бұл жолғы Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы және еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды.

Жолдау барысында Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді пакеті әзірленетіндігі туралы айтты. Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарын дайындауды тапсырды.Үкімет,Ұлттық Банк, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы бағытта батыл шаралар қабылдауы қажет екендігін жеткізді. Бұл шара да халықтың игілігі үшін жасалып жатқан батыл қадамдарының бірі деп есептеймін.
«Шаруалардың қажетті жанар-жағар майды қолайлы бағамен алуын қамтамасыз ету керек.

Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын қайта тексерген жөн. Бірқатар өңірлердегі жауын-шашынның аздығы егіннің шығымын мандытпай, жемшөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ұмытпайық. Жалпы, фермерлер қауымдастығымен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау керек»,- деді Мемлекет басшысы. Біз секілді ауылшаруашылық саласының өкілдеріне Президенттің қолдауы аса маңызды.

Осындай әлемдік қауымдастық алдында қалыптасқан қиын кезеңде елімізде реформалар жасау ерлікке теңеуге болады. Қазақстан халқы тек өзінің бірлігі мен ынтымағы арқылы Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» құру идеясына қолдау болатынына сенім мол.

Д.ЕРАЛИЕВА,
«AMANAT» партиясының Сырдария аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты

17 наурыз 2022 ж. 365 0