Құқықтық оқытулар өткізілді
Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігіне қарасты кент және барлық ауылдық округі әкімдіктерінің заңгерлері мен дербес бөлімдердің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқытулар өтті.
Күн тәртібінде нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі және олардың Әділет органдарына, АШЫҚ НҚА дерекқорына тіркеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында мәселелерді жүзеге асыру үшін құқықтық түсіндірмелер берілді.
Аталған оқытуға Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, бөлімнің әдіскері Н.Құрақбаева және аудан әкімдігіне қарасты кент және барлық округі әкімдіктерінің заңгерлері, дербес бөлімдердің осы бағыттағы жауапты қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев түсіндірме жасап, 2022 жылдың I жыртыжылдығында облыс көлемінде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ахуалын жеткізіп, облыстың кейбір салаларында орын алған фактілерді аудан көлемінде болдырмау және алдын-алу мақсатында қажетті шараларды атқару қажеттігін атап өтті. Осы ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдары жүргізуге міндетті екендігін айтты.
Осы бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, Әкімдікпен жолданған хаттамалық тапсырмалардың белгіленген уақыттарда орындалуын қамтамасыз етіп, мерзімінде тиісті шараларды ұйымдастырып, әрбір атқарылған шараларды әлеуметтік желіге жариялау қажеттілігін барша қатысушылардың назарыңа жеткізді.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталып, кент және ауылдық округі әкімдерімен қабылданатын нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу кезінде қолданыстағы заңдылықты сәйкес рәсімделуін жеткізді. Яғни, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысын қатаң сақтап, әзірлену қажет деп тапты. Және нормашығармашылық қызметтің сапасын арттыру, НҚА-дің заңдылығын қамтамасыз ету заң бұзушылықтарға жол бермеу, сапалы құқықтық мониторинг жүргізу, Әділет департаментіне тоқсан, жартыжылдық сайын ұсынылатын есептерді белгіленген нысандарда уақытылы және сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Келесі болып сөз алған бөлімнің әдіскері Н.Құрақбаева кент және ауылдық округі әкімдіктерінің заңгерлерін, дербес бөлімдердің осы салаға жауапты қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында заңнамаға түсіндірме жасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының негізгі мақсаты, міндеттеріне тоқталып, оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі және негізгі атқаратын функцияларын жүктеу бойынша толыққанды ақпарат берді.
Бұдан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс екендігін жеткізді.
Ішкі талдау жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес слайд арқылы тәртібін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, аталған Қағиданың 1, 2 және 4 қосымшаларында көзделген нысан бойынша есептілігін толтыру тәртібін түсіндіріп, тапсыру мерзімін айтып өтті.
Кездесу соңында бөлім басшысы Е.Зұлқарнаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғыз құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен ұйымдар ғана емес бұл бағыттағы күресті жалпы қоғам болып жүргізу қажеттілігін атап өтті. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қүресті күшейту бағытында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және адалдық пен әділдікке тәрбиелеу бойынша ақпараттық материалдар, баннерлер мен бейнероликтер дайындап, қарасты мекеме ғимараттарында ілінуін қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдықты және әділдікті, халыққа және мемлекетке адал қызмет етуді қалыптастыруда нақты шаралар қабылдауды, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алулардың сатып алу тәсілін дұрыс қолдану бағытында жауапты қызметкерлерге құқықтық оқыту ұйымдастыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін көрсету барысында, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеуге тиісті шаралар қабылдау қажет деп атап өтті.
Алдағы уақытта құқықтық оқытулар өткізу өз жалғасын табатындығын айтты.
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі