Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында түсіндірме жүргізілді

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында түсіндірме жүргізілді

Сырдария аудандық мекемелер үйінде «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын жүргізу» тақырыбында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Отырысқа «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының консультанты Б.Ахметов және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Елеусінов қатысты.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

1 мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет» тақырыбында, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының консультанты – Ахметов Берік Бақытбекұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, 2 мәселе бойынша «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы» аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің маманы – Елеусінов Азамат Өмірзақұлы баяндама жасады.

Жиын соңында бөлім басшысының орынбасары Е.Зұлқарнаев отырысты қорытындылай келе, бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, алдын-алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын қолданыстағы заңдылыққа сәйкес жүргізу қажеттілігі тапсырылды.
23 мамыр 2022 ж. 310 0