Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің рөлі
Кеше Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімімен аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік мекемелерінің комплаенс-қызметіне жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комплаенс-қызметінің рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинарға Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, бөлімнің әдіскері Н.Құрақбаева және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жауапты қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев түсіндірме жасап, 2022 жылдың I жыртыжылдығында облыс көлемінде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ахуалын жеткізіп, аудан көлемінде бұндай фактілерге жол бермеу және алдын-алу мақсатында қажетті шараларды атқару қажеттілігін атап өтті. Осы ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің рөлі маңызды екендігін назарларыңа жеткізді.
Келесі болып сөз алған бөлімнің әдіскері Н.Құрақбаева квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-офицерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында заңнамаға түсіндірме жасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі мақсаты, міндеттері, қағидаттарына тоқталып, оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі және негізгі атқаратын функцияларын жүктеу бойынша толыққанды ақпарат берді.
Бұдан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс екендігін жеткізді.
Ішкі талдау жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес слайд арқылы тәртібін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, аталған Қағиданың 1, 2 және 4 қосымшаларында көзделген нысан бойынша есептілігін толтыру тәртібін түсіндіріп, тапсыру мерзімін айтып өтті.
Кездесу соңында бөлім басшысы Е.Зұлқарнаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғыз құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен ұйымдар ғана емес бұл індетпен күресуді жалпы қоғам болып жүргізу қажет екендігін барша қатысушыларға жеткізді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысын жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қүресті күшейту бағытында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттілігін айтып, Үлгілік қағидаға сәйкес ішкі талдау жүргізуді ұсынды.
Келер айда аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-түсіндірме тобымен елді мекендерді аралап, осы бағытта толыққанды түсіндірме беру үшін көшпелі семинар-кеңес өткізу жоспарланып отырғандығын назарларыңа жеткізді.
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі