Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар үміті ақталды

Ұстаздар үміті ақталды

«Білген адам білімді өмір бойы із­­дей­ді» деген тәмсіл бар. Бала кү­ні­м­нен білім алуға құштарлығым оян­ды. Үнемі сабағымды жақсы оқып, жоғарғы жетістікке жетуге ұм­­тыл­­ғаным рас. Әркез ата-ана үмі­­­­ті мен ұстаздар сенімін ақ­тауға ты­рысып келемін. Балалық шағым­ның қызықты әрбір сәті әлі есімде. Бүгінде 11 сыныпты жақсы нәтижеде тә­мәмдап, үлкен өмірге қадам бас­тым.

Жақында білім грантын иеленген түлектердің тізімі шыққан болатын. Ерекше жаңалықты отбасымызбен күттік. Мен С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлт­тық медици­­на уни­верситетіне «Фар­ма­цев­­ти­­­­­ка­лық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша оқуға түс­тім. Қай кезде де шын қалаған адамның арманы орындалады. Әсем қала – Алматы шаһарында білім алу бақыты бұйырды. Отбасында үш ағайындымыз. Ата-анамның тұңғы­шы болғандықтан өзімнен кейін­гі бауыр­ларыма үлгі болып, саба­ғымды жақсы оқуға барымды саламын. Анам Самал медицина саласында қыз­мет етеді. Ана жолын қуған мен үшін ата-ана абыройы барлығынан биік тұрады. Өзімнің бауырым Ерасыл да қалаған мамандығы бойынша грант иегері атанды. Әулетімізде қос қуа­ныш орын алғанына дән ризамыз.

Өзім қалаған мамандыққа тү­су жолында сан түрлі қиындық кез­дес­кені жасырын емес. ҰБТ-ға дайындық барысында қобал­жу, қорқу болды. Сүйікті апайым – Лена Майханова жетекшілік еткен біздің сыныптан 24 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде, 2 оқушы меди­ци­­­на саласының болашақ маманы болуға бекіндік. Білім сынағына дайын­далу барысында биология пәні­нен Айзат Оразбай, химия пәні­нен Гүлжан Жәкенова, алгебра пәні­нен Әсел Әбілдаева, тарих пәнінен Айткүл Есмағанбетова ақыл-кеңесін айтқан болатын. Сонымен бірге бі­лік­ті ұстаз, биология-химия пәнінің біл­гірі Үміт Жағыпарқызының еңбегі зор.

Өз кезегінде 11 жылдық белесті бағындырған сыныптас достарымды барлық қуанышымен шын жүректен құттықтаймын! Әр­кез алдағы өмір жолдарына, сапалы білім алуына, үлкен азамат болулары­на сәт­тілік тілей­мін. Данқты ба­­тыр, ержү­­рек азамат Талғат Қозыбаев атындағы орта мектептің түле­гі болғанымды мақтан тұтамын.



Аяулым ПЕРНЕБАЕВА,
№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектептің түлегі
20 тамыз 2022 ж. 340 0