Болашақ әріптестерімізге тілектеспіз

Ауданымызда журналистика саласын таңдаған оқушылар көп емес. Қиындығы мен қызығы қатар мамандықты өмірлік серік етпекке бел буған оқушылар жыл бойына аудандық газет редакциясымен ұдайы байланыс орнатып отырды. Осы оқушылардың журналистика мамандығы бойынша мемлекеттік грант иегері атанғаны туралы сүйінші хабарға біз де шын қуанып, оқырман қауымға сүйіншілеуді жөн санадық.
Аудандық газет редакциясы «Балалар жылы» қарсаңында «Рауан» балалар шығармашылығы бетін ашқан болатын. Осы бетте мақалалары мен өлеңдері жарияланып жүрген жас түлектердің шығармасын, мүмкін, оқыған боларсыз. Газетіміздің тұрақты оқырманы, Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейдің түлегі Ханзада Ғабитұлы Алматы қаласында орналасқан еліміздегі ең ірі жоғарғы оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алатын болады. Ал Іңкәрдария ауылындағы №191 мектептің түлегі Мерей Жалғасбек Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университеттің журналистика мамандығына мемлекеттік грант жеңіп алды. Ханзада да, Мерей де – жас ақындар. Аудандық жыр мүшәйраларында талай топ жарып, оза шауып бәйге алып жүрген түлектер үлкен өмірге қадам басып отыр. Ханзада Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша барлығы 121 ұпай жинаса, Мерей 119 баллды қанжығалаған.

– Он бірінші сыныпқа келгенде өмірдің ең биік шыңы ҰБТ сияқты көрініп еді. Бірақ үлкен өмірдің енді басталғанын түсінгендеймін. Ата-ана мен ұстаздарымыздың үмітін ақтадық. Еңбегіміз жемісті болып, елдегі жетекші университетте білім аламыз. Осы ретте ұдайы қолдау білдірген жақындарыма, ұстаздарыма, шығармашылығымызды шыңдауға, журналистикаға деген қызығушылықты одан әрі жандандырған аудандық газет редакциясына алғысым шексіз. Халқымның пайдасына жарар азамат болсам – арманым сол. Алда үлкен белес, мақсат айқын, – дейді Ханзада Сейілбек.
Журналистика – ауқымы кең, жан-жақты сала. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының журналистика саласына баса мән беруі аталған саланың арқалар жүгі жеңіл еместігін дәлелдей түседі. Журналист жеке басын күйттемей, халықтың сөзін сөйлей алуы керек. Әрі қай саладан болса да, тіпті әлем жаңалықтарын қалт жібермейтін қырағы болу – міндет. Болашақ – жастардың, жас мамандардың қолында. Бүгінгі жас алдыңғы буыннан тәлім мен тәжірибе алып, ертеңгі күні ел іргесін ұстар нағыз маманға айналады. Ендеше біз де болашақ әріптестерімізді биік белесті бағындыруларымен шын жүректен құттықтай отырып, таудай талап тілейміз!
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ