Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

Республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

Газетіміздің №59 нөмірінде «Аудан абыройын асқақтатты» тақырыбындағы мақаламыз жарияланған еді. Онда аудандағы «Дарын» оқу орталығының оқушылары ментальді арифметикадан облыстық байқауға барып, топ жарып, үздік атанғанын сүйіншілеген болатынбыз. Жүйріктен жүйрік шыққан оқушылардың тамыз айында өтетін олимпиаданың республикалық кезеңінде бақ сынайтынын және айтып, сәттілік тілеген едік.

Түркістан қаласында өткен олимпиаданың республикалық кезеңіне ауданнан төрт оқушы қатысты. Тез әрі жылдам есептеудің қыр-сырын меңгерген балақайлар тағы да жеңіс тұғырынан көрініп, аудан ғана емес, облыс абыройын қорғап келді. Дінмұхаммед Нұрбекұлы жүлделі І орынды жеңіп алса, Жанболат Ибрагим ІІ орынмен марапатталды. Нұрасыл Сәкенұлы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, Айқын Мырзағали ептілік танытып, арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Оқушыларды ауқымды олимпиадаға дайындап, үлкен нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен ұстаздары – Береке Әбсаттарова. Жазғы демалыстың соңғы күндері рухани астана атанған Түркістан қаласында ойнай жүріп ойлауды қоса дамытып келген білімпаздар үшін осылайша жеңіске толы болды.



Аружан Мұханбетқали


18 тамыз 2022 ж. 308 0