Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Білім беру саласына бағытталған қолдаулардың нәтижесінде Сырдария ауданының озат оқушылары республикалық деңгейде өткен білім бәсекесінде топ жарып, жүлделі оралды. Бұл ұстаздар еңбегінің жемісі, оқушылар ізденісінің нәтижесі екені анық.
Кеше облысымызда 9-10 сынып оқушылары арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен білім саласының ардагері С.Нұртаев атындағы республикалық олимпиада өткен болатын.
Олимпиадада ауданға қарасты Аманкелді ауылдық округіндегі №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Шұғыла Тельманқызы (жетекшісі Ғани Бұрқанов) жүлделі І орынды жеңіп алып, 120 000 мың теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болды.
Сонымен бірге, Тереңөзек кентіндегі №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Ақтоты Примбетова (жетекшісі Айгүл Тәжібаева) жүлделі ІІ орынды иеленіп, 70 000 мың теңгелік ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Айта кету керек, соңғы жылдары Сырдария ауданының оқушылары жыл сайын облыстық, республикалық олимпиадаларда жеңімпаз атанып келеді. Сондай-ақ, аудан абыройын асқақтатқан оқушылар халықаралық жарыстар мен байқауларға қатысу үшін жолдамаларға ие болуда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
04 мамыр 2019 ж. 1 418 0