Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауырмайтын жол іздейік

Ауырмайтын жол іздейік

Бүгінде әлемде жұқпалы ін­дет саналатын коронавирус инфек­циясы қай­та өршуде. Осы­ған байланысты кей­бір мемлекеттер карантиндік талап­тарды қатаңдатып, сақтық шараларына ден қойған. Елімізде де індет жұқтырушылар қатары артып отыр.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, жаппай аурушаңдық жағдай қайталанбас үшін сақтық шараларына мән беруіміз керек. Қауіпті кесел дендегенде оның салдарын бәріміз көргенбіз. Сон­дықтан жұқпалы вирус түбегейлі жойылғанша одан сақ­тануды тоқтатпаған жөн.

Өңірде эпидемиологиялық ахуал қалыпты болғаны­мен, індет жұқтырушылар қайта көбейіп келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, ауданда індет қайта өршігеннен бастап 49 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 42-сі аурудан айықса, қазіргі таңда 7 адам ем қабылдауда. Бүгінде аудандық ауруханада карантиндік талаптар сақ­талуда.

Сондай-ақ індетке қарсы шығудың бірден-бір жолы – вакцина қабылдау екенін ұмытпаған жөн. Ауданда вирусқа қарсы екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 20452 сырдариялық вакцина қабылдады. Ал ревакцинацияның бірінші кезеңінде 13369 адам вакцина салдырды. Осы күні аудандық аурухана мен елді мекендерде ревакцинацияның екінші кезеңін салу жұмыстары жүргізіліп, 2637 тұрғын вакцина қабылдады. Алдағы уақытта да екпе салу жұмыстары жалғасады.

Қазір қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтап жүр­гендер аз. Қоғамдық орындарда арақашықтықты сақ­тамайды, бетперде тақпайды. Егер осылай салғырт қарайтын болсақ, жағдайдың жақсы болмайтынын тү­сінгеніміз абзал. «Жақынымызға жанашыр болайық», «Саулық сақтықта» деп күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары насихаттағанымен әуелгі жағдайды естен шығарғандаймыз. Сондықтан бұған салғырт қарамай, қиын жағдай болмас үшін әр адам санитарлық талапты сақтап жүргені жөн. Әрбіріміз мұны бір-бірімізден талап етуіміз қажет. «Сақтансаң – сақтармын» деген емес пе?! Әрбір тұрғын өз денсаулығына жауаптылықпен қарап, санитарлық талапқа бағынуы керек.



Жалғасбек ҮСЕНОВ,
Сырдария аудандық
ауруханасының бас дәрігері

09 тамыз 2022 ж. 369 0