Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Тереңөзек кентінің тұрғыны Гүлсім Сардарбекова аудандық ауруханада коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды.

– Қазір аудан бойынша жағдай қалыпты емес, қауіпті індет түбегейлі жойылмайынша сақтық шараларын азайтпауымыз керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Сондықтан адам ағзасы жұқпалы кеселге қарсы тұру үшін екпе салдырған жөн. Бүгін ауданда арнайы екпе салдырдым. Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болдым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсерлері байқалған жоқ. Мамандар екпе салынған жерге су тигізбей, жылы ұстап, күтініп әрі сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес берді. Баршаңызды екпе салдыруға шақырамын, – дейді кент тұрғыны Гүлсім Сардарбекова.

04 тамыз 2021 ж. 425 0