Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Індет өршіп барады

Індет өршіп барады

Жыл басында жұқпалы індеттің ауы­лы алыстағандай болып еді, соңғы күн­дері қауіптің бұлты қайта төнгендей. Облыста инфекция жұқтырушылар са­ны артып, жағдай күрделене түсті. Осы­ған байланысты аудан көлемінде мониторингтік топтар түсін­дірме жұ­мыс­тарын жүргізуде. сол негізде каран­тиндік талап­тарды сақтамаған заңды жә­не жеке тұлғаларға айыппұлдар салынуда.

2021 жылдың 5 сәуірдегі мәлімет бойынша ауданда қа­уіпті індет жұқтырғандар саны 45-ке жетіп отыр. Ал облыс төңірегінде күн сайын 10-нан аса адамнан қауіпті инфекция анықталуда. Қазіргі таңда, яғни 5 сәуірдегі мәліметке сәйкес, облыс бойынша инфекциялық стационардың жан сақтау бөлімінде 11, инфекциялық стационарда 128 науқас ем алуда. Бұл барлығын алаңдататын жәйт.

Бүгінде ауданда карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша 3 мониторингтік топ түсіндірме жұ­мыстарын жүргізуде. Өткен жылы мониторингтік топтар карантин талаптарына байланысты шектеулерді бұзу бойынша 60 факті тіркелген. Яғни шектеу шараларына мойынсұнбаған адамдарға айыппұлдар салынған. Ал биылғы жылдың басынан бері аудан тұрғындарына талаптарды бұзғаны үшін 5 шара көрілген. Дегенмен, бұл жердегі мақсат халыққа айыппұл салу еместігі анық. Көпшілік жерде індеттің таралуы жылдам екенін ескерсек, қоғамдық орындарда карантиндік талаптарды сақтаған абзал. Саулық сақтықта екенін ұмытпаған жөн.

Айта кетейік, мониторингтік топ жұмыстары күшейтіліп, енді күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларына мән бермеген сырдариялықтаға шара көрілмек. Оған қоса, ауданда мониторингтік топтар да көбейтілмек.

Е.ЖАППАРБЕК
06 сәуір 2021 ж. 463 0