Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бітімгерлік – береке бастауы

Бітімгерлік – береке бастауы

Біздің қоғамда дауды тек қана сот шешу керек деген көзқарас берік қалыптасқан. Әрине, сот көмегіне жүгінген дұрыс-ақ, дегенменен бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі.

Сөздің шыны керек, сәл дау туындаса дереу сотқа жүгінеміз. Екі арадағы мәселені сот алаңына шығарып, сол арқылы бас пайдамызға шешкіміз келіп тұрады. Алайда даудың барлығын сотта шешу мүмкін емес. Өйткені сот екі тараптың талабын бірдей қанағаттандыра алмайды. Дау қолданыстағы заңды қолдана отырып шешілуі тиіс. Мәселен, отбасы жағдайлары, көрші-қолаң арасындағы талас-тартыс секілді қарапайым дүниелерді сот таразысына салған қаншалықты дұрыс?

Сот – дау алаңы. Ол жерде бар абыройымызды жиып қойып, айтысуға, таласуға, тармасуға мәжбүр боламыз. Мұның алдын қалай алуға болады? Әрине «ашу – дұшпан, ақыл – дос» деп бекер айтылмаған. Құқықтық заманда өмір сүргеннен кейін адамдар кез келген қарым-қатынасты дауға ұластырмауы қажет. Даудың алдын алу үшін қандай да бір құқықтық қарым-қатынас жасаудың алдында кәсіби заңгердің көмегіне жүгінгені абзал. Ал дау туындағанда ең дұрыс шешім барлығын ой елегінен өткізіп, жақсы жағына қарай шешкен жөн.

Осыдан 11 жыл бұрын «Медиация заңы» қабылданған болатын. Яғни, дауды сотқа  жекізбей екі тараптың өзара келісуімен дұрыс шешім қабылдауы. Меніңше медиация заңы бітімгершілікке алып келетін өте тиімді жол деп білемін.

Шешілмейтін түйін, ара-жігі ашылмайтын дау жоқ. Сондықтан да, іс насырға шаппай бітімгершілік арқылы қандай дауды да ақылмен шешкен жөн.



Абзал ЕЛКЕНОВ,
  Сырдария аудандық сотының бас маман-аға сот приставы
28 шілде 2022 ж. 250 0