АҚЫСЫЗ ИНСТИТУТ БАРШАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫН

Өткен аптада кәсіби емес медиаторлардың басты мерекесі аталып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев арнайы келген жиынға аудандағы барлық медиаторлық қызметі бар қариялар қатысты.
– Медиация тараптар бір бірін жеңуді мақсат тұтпай, татуласуға бет бұратын альтернативті шешім жолы екендігіне мән беру керек. Сонымен қатар, медиаторлардың шешімі соттың шешімін шығарудан да күрделі. Кәсіби медиаторда терең психологиялық дайындық, өмірлік үлкен тәжірибе болып, олар конфилактология негіздерін білуі керек. Ауданның қарттары бұл істі шешу жолында мардымды еңбек етіп келеді. Сіздердің өмірлік тәжірибиелеріңіздің арқасында ажырасу, ұрлық-қарлық секілді қоғамдағы ең маңызды мәселелер сотқа жетпей шешім тауып жатыр. Сіздер дау-дамайды шешу жолында толымды істер атқарып жүрсіздер. Мереке қарсаңында баршаңызға қажымас қайрат пен мықты денсаулық тілеймін, – деді Димаш Серікбайұлы өз сөзінде.
Мұнымен қоса аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ж.Жолдасов таласты істің шешімін сот әлде медиация жолымен табуды өздері таңдайтындығын жеткізіп, жалпы медиация саласының артықшылықтарын сөз етті.
Ауданның бас прокуроры Ерлан Алмазұлы медиацияның ең негізгі артықшылықтарына тоқталды.
Жиын соңында ауданға қарасты елді мекендерден келген медиаторларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Майя ҚОЖАБАЙ