Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Жалындағы» жарқын әрбір күніміз

«Жалындағы» жарқын әрбір күніміз

Мен осы жазғы демалысымды «Жалын» сауықтыру лагерінде өткіздім. Лагерь Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Жап-жасыл, су жағасында өткізген әрбір күнім қызыққа толы. Біз суға шомылып, футбол және эстафеталық ойындар ойнадық. Командамызбен концерттерге қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүрдік. Мен көптеген жаңа дос таптым. Маған лагерь өте қатты ұнады. Себебі, біз бір үйдің баласындай болып, әр істі бірлесе атқарамыз. Он күндік демалысым ойдағыдай өтті. Жазғы демалыстан жақсы әсер алдық. Ойымды өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.

Ауыл қашық болса-дағы жол алыс,
Бала болып жасамаймыз балаң іс.
«Жалындағы» жарқын әрбір күніміз,
Кереметтей өтіп жатыр демалыс.


Ақ көңілмен шексіз алғыс айтамыз,
Әр күн сайын жан дүниемізді байытамыз.
Ағайлар мен апайларға рахмет деп,
Үйімізге риза болып қайтамыз.




Айбар Ғайнуллаұлы
№37 мектеп-лицей
16 шілде 2022 ж. 441 0