"ЖАЛЫНДАҒЫ" ЖАРҚЫН ДЕМАЛЫС
Сырдария ауданы бойынша мектеп оқушыларының жазғы маусымдағы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары жасалынып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда 2019 жылы оқушылардың жазғы демалысы 5 бағытта ұйымдастырылады деп нақтыланған. Олар мектеп жанындағы лагерлерде, "Жалын" тынығу лагерінде, облыс көлеміндегі және облыстан тыс лагерлерде демалыс және саяхаттар ұйымдастыру менаула клубтары арқылы мектеп оқушыларын іс-шараларға қатыстыру.
Бірінші бағыт бағыт бойынша мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлеріне міндетті оқу қорынан бөлінген 2246,0 мың теңге қаржыға 1021 оқушы және 1979 оқушы ата-аналардың және демеушілердің, шаруашылықтардың есебінен, барлығы 3000 оқушы демалады деп жоспарлануда. Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері 27 мамыр мен 27 маусым аралығында 10 күннен 3 ауысымдық негізде жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері 2019 жылдың 1 маусым күні ашылса, қазіргі таңда лагердің екінші ауысымы жұмыс жасап жатыр.
Екінші бағыт негізінде «Жалын» тынығу лагерінде 7 ауысымда (әр ауысымда 130 баладан) 910 бала демалады деп жоспарланған. Атап өту керек, «Жалын» тынығу лагері жыл бойы жұмыс жасайды. Лагерьдің ауыз-су және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Жыл бойы «Жалын» тынығу лагерінде олимпиадаларға дайындау, ҰБТ-ға дайындық жұмыстары, конкурстар, семинарлар өткізіліп келеді.
«Жалын» тынығу лагерінің бірінші ауысымында міндетті оқу қорынан 130 бала демалды. Қазіргі таңда екінші ауысымда 130 бала демалуда.
Үшінші бағыт аясында демеушілер есебінен «Жалын» тынығу лагерінде, облыс көлемінде және облыстан тыс лагерлерде 235 бала демалады деп жоспарлануда. Қазіргі тағда 15 бала Тараз қаласында «125-ЕДУ» акдемиясында жазғы демалыстарын өткізуде.
Төртінші бағыт бойынша мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінің тынығушылары Қызылорда қаласына орталық мұражайға, қалалық паркке, балалардың ойын-сауық орталықтарына 1 күндік саяхаттар ұйымдастырылады. Бұл бағытта 2019 жылы аудан бойынша 1000 баланы қамту жоспарланып отыр.
Бесінші бағыт бойынша жазғы маусымда оқушыларды жазғы демалыспен қамту мақсатында мектептер жанында спорттық және шығармашылық бағытта 17 аулалық клуб жұмыс жасайды. Аулалық клубтар қоғамдық негізде жұмыс жүргізеді. Аулалық клубтарда спорттың футбол, баскетбол, волейбол түрлерінен спорт және ән-би, көркем оқу түрлерінен үйірмелер жүргізіледі.
2019 жылдың жазғы маусымында мектеп жанындағы аулалық клубтармен 1500 оқушы қамтылады. Аула клубтары 2019 жылдың 1 маусымынан өз жұмыстарын бастады.