Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 мың бала тынығады

6 мың бала тынығады

Балаларды қорғау күні ме­рекесінде аудандық «Жалын» тынығу лагері жазғы маусымын бастады. Лагердің ашылуы салтанатты түрде өтіп, лагерь туы көтерілді.

Тынығу лагерінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, жас өрен­дерді құттықтады.
– Бүгіннен бастап балаларымыз жазғы мектеп аясында лагерьлерде демалып, шы­ғармашылықпен айналыса алады. Биылғы маусымда жазғы демалыспен 6 мың бала қамтылса, тарихи экскурсиялармен 1 мың жас жеткіншекті таныстыру қолға алынбақ. Бұл демалуға тиісті балалардың 90 пайызын құрайды. Оның ішінде аз қамтылған, əлеу­­­­­меттік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан балалар 100 пайыз демалыспен қамтылады. Сонымен бірге балалар жылы аясында демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 100 бала Алматы облысындағы «Тау жанашыры» лагеріне жіберілетін болады, – деді Мұрат Нәлхожаұлы өз сөзінде.

Карантин талаптарына сәйкес бірнеше жылдан бері жазғы тынығу лагеріне бармаған балалардың қуанышында шек болмады. Ме­рекелік іс-шарада балғындар ән айтып, би билеп, концерттік бағдарламаға белсенді қа­тысты.

Сондай-ақ аудан әкімінің қолдауымен об­л­ыс­­тық мәслихат депутаты Расул Есенов де­меушілік жасап, «Жалын» тынығу лагеріне құны 600 000 теңгелік музыкалық аппаратураны тарту етті.

Айта кетейік, Тереңөзек кентінің сыртында орналасқан «Жалын» сауықтыру лагері 1988 жылы пайдалануға берілген. Жоба­лық қуаты бір ауысымда 130 баланы қамтуға мүмкіндігі бар. Лагерь аумағында жалпы 12 ғимарат орналасқан. Оның 9-ы жатын орынға арналған ғимарат болса, бір дәрігерлік бекет, бір әдістемелік орталық және 130 орынға арналған асхана бар. Сонымен бірге ашық спорт алаңы, сыртқы душ, көлеңкелі шатырлар, мәдени іс-шаралар өтетін орын да бар. Жазғы тынығу лагері биыл 700 балаға естен кетпес демалыс сыйлайтын болады.





Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
04 маусым 2022 ж. 406 0