Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азық-түліктің негізсіз көтерілуін қатаң сынға алды

Азық-түліктің негізсіз көтерілуін қатаң сынға алды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткізілген болатын. Алқалы жиында Мемлекет басшысы біршама мәселенің түйінің тарқатты. Қоғамда жиі талқыға түсетін азық-түліктің қымбаттауына негіз болатын факторларды атап көрсетті. Нарық бағасын реттеу бойынша жасалып жатқан жұмыстарды сынға алды. Бағаның тұрақтылығын сақтау үшін тың тәсілдер керектігін тілге тиек етті. Нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным керектігін жеткізді.

Иә, бүгінде базар бағасының өсуіне көпшілік алаңдаулы. Кейбір сауда желісінде орын алатын қант тапшылығын көзіміз көріп жүр. Бағаның бағамына қатысты халық пікірі сан алуан. Қарапайым халықтың қалтасын қақпау үшін көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету керек. Қаншама отбасының бағаның тұрақсыздығынан күнкөріс деңгейі төмен.




Марат ЕСПЕНБЕТОВ,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы
14 шілде 2022 ж. 387 0