Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік бағасы бақылауда

Азық-түлік бағасы бақылауда

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақов тұрғындардың күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің қоры мен бағасын білу мақсатында бірқатар сауда нүктелерін аралады.
Мамандар қазіргі таңда облыстық тұрақтандыру қорында 1219,9 тонна өнім бар. Сондай-ақ, сауда ұйымдарында, қоймаларда, өңірдегі 27 әлеуметтік маңызы бар дүкенде де азық – түлік тапшылығы болмайды деп отыр.
Аймақ басшысы алдымен "Small" сауда орталығында болды. Мұндағы күнделікті тұтынатын ұн, нан, қант, шәй т.б азық- түлік өнімдерінің бағасын көрді.
"Қазіргі уақытта мұнай бағасы мен валюта бағамының тұрақсыздығына және коронавирус індетінің таралуына байланысты азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қор жинау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.Тұрғындар тұтынып отырған азық-түліктен таршылық болмауы керек. Кәсіпкерлер халыққа қолайлы жағдайды жасауға атсалысады деп ойлаймын,",-деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының мамандары қосымша 3,5 мың тонна азық-түлік өнімдерін сатып алу шаралары жүргізілуде екенін және азық-түлік тауарларын өндіру тоқтатылмайтыны мен ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қоры бар екендігін айтты.
Аймақ басшысы 2000 тонна дан аса көкөніс сақтауға мүмкіндігі бар СПК "Байқоңыр" қоймасының жұмысымен танысты.Заманауи қоймада өнімдерді сақтау үшін барлық жағдай жасалған және арнайы құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Дәріханалардағы сұраныстың бірі арнайы бетперделер
( маскалар). Осы орайда, өңір басшысы " Dalatex" ЖШС тігін фабрикасында да болды. Аталмыш компания осы кезге дейін ерлер жейдесін шығарумен танымал болатын. Бүгінде "Dalatex" фабрикасынан тәулігіне 10 мың дана маска тігіп шығаруда. Өнім Қызылордадан бөлек, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматыға жөнелтіледі. Отандық өнімнің тағы бір ерекшелігі бірнеше рет жуып,үтіктеп қолдануға болады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы "Magnum" сауда орталығында болып, баға тұрақтылығы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қорын көрді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мен қоры ұдайы облыс басшылығының бақылауында болады.


Қызылорда облысы әкімдігінің фейсбук парақшасынан алынды


15 наурыз 2020 ж. 744 0