Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Азық-түлік бағасы бақылауда

Азық-түлік бағасы бақылауда

Бүгін Сырдария ауданында Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері елдегі пандемия жағдайына байланысты аудандағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріндегі тауарлар бағасын бақылады. Бақылаушы топтың қатарында аудан әкімінің орынбасары Д. Байдушев, аудандық тауарлар, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Е.Ұзақбаев және сала мамандары бар. Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында тиісті шаралар күнделікті жасалып келеді. Осы мақсатта мамандар тарапынан мониторинг үздіксіз жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуін алдын алу мақсатында кәсіпкерлермен бірлескен шаралар қабылданып жатыр. Алдағы уақытта тұрғындарға қолайлы бағада тауарлардың сатылуы атқарушы органның назарында болады.
06 тамыз 2020 ж. 808 0