Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықты жою – ортақ міндет

Жемқорлықты жою – ортақ міндет

Өткен аптада Сырдария аудандық ветеринариялық стан­циясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өтті. Басқосуға Сырдария аудандық про­кура­турасының прокуроры Батырбек Жұмағұлов, ау­дандық мәслихат депутаттары Жұмабек Ембергенов, Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ма­рат Еспенбетов, жеке кәсіпкер Ғалымжан Маханға­лиев, кәсіпорын директоры Нұрлыбек Дәулетбаев, сала мамандары қатысты.

Жиынды ашқан Сырдария аудан­дық ветеринариялық станция­сы­ның директоры Нұрлыбек Дәулет­баев сы­­­бай­­лас жемқорлықты болдырмау мақса­тында атқарылып жатқан бір­қа­тар жұмысқа тоқталды.

– Жалпы ветеринария саласын­да жоспарлы жұмыстар күн тәртібінен түспейді. Оның ішінде, сыбайлас­ жемқорлықтың алдын алу бойын­ша ұжымның алдына айрықша міндет қойылған. Әрбір маман заң аясын­да жергілікті халыққа қызмет көр­се­ту қағидасын ұсынады. Негізі­нен, мемлекеттік қызмет этикасын сақтау маңызды рөл ойнайды. Сонымен бірге ветеринариялық құ­жат­тың талапқа сай жасалуына көңіл бөлінеді. Өз кезегінде кәсіби маманның біліктілігін арттыруды ал­дыңғы орынға қоямыз. Сыбайлас­ жем­қорлық факторының жолын ке­су арқылы түрлі заң бұзушылықты болдырмауды қадағалаймыз. Бұл ретте, төрт түлікке байланысты өзек­ті мәселелерді шешу жолдары қарастырылады, – деді кәсіпорын директоры Нұрлыбек Дәулетбаев.

Күн тәртібіндегі мәселе бойын­ша ветеринариялық станция­ дирек­торының орынбасары Бақытбек Бе­гімқұлов баяндама жасады. Сон­дай-ақ жиынға қа­тысушылар көкей­дегі сауалдарын са­ла мамандарына жолдады. Мал ұр­лығына байланысты негізгі іс-ша­раларды бірлесе атқару керектігі өза­ра талқыланды. Төрт түлекке егілетін екпенің сапасы мен түрі анықталып, уақытылы егу жұмысы жүргізілуі ке­ректігі айтылды. Мамандармен пікірлескен қонақтар кейбір қор­да­ланған мәселе жөнінде өз ойларын ортаға салды. Мемлекеттік көр­сетілетін қызмет­тердің заңға сай орындалуы қатаң бақылауда болу керектігі ескерілді.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
05 шілде 2022 ж. 270 0