Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Партия алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Отырысты қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов ашып, жүргізді. Кеңес отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

1. Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысының есебін тыңдау

2. Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысы М.Қаратаевтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдау

3. Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директоры Еркебұлан Дәуітбекұлының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдау
Күн тәртібі бірауыздан мақұлданған соң, тиісті сала басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есептерін берді. Кеңес отырысының қорытындысымен қаулы қабылданды.
26 сәуір 2022 ж. 453 0