Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақ болыңыздар!

Сақ болыңыздар!

Жаз маусымы басталған тұста балаларға арналған үрлемелі ойын шарларларының саудасы қыза түсетіні белгілі.

Бабалар қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Б.Сарменбаев үрлемелі батуттардың қауіпсіздігін қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы жұмысшы тобын құрды.

Бұрнағы күні кенттегі орнатылған батут иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде үрлемелі батутардың қолданылу ережесін дұрыс сақтамаған кәсіп иелеріне арнайы жадынамалар беріліп, белгіленген талаптарды қатаң сақтау ескертілді.

Ата-аналар назарына

Балаларыңызбен бірге батутқа өздеріңіз бірге барып, қауіпсіздік шараларын қарап шығыңыз;

Ең алдымен батуттың төрт бұрышынан жерге бекітілгенін және тегіс жерге орнатылғанын, айналасында бөгде заттардың болмауын қараңыз;

Баларыңыздың аяғына батутқа секірер кезінде шұлық кигізіп жіберіңіз;

Балаларыңыздың қалтасында бөгде заттардың барлығын алыңыз және батутың тазалығына бірінші мән беріңіз!



Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі
02 шілде 2022 ж. 307 0