Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде 64 шомылуға қауіпті учаскі бар

Сыр өңірінде 64 шомылуға қауіпті учаскі бар

Аймақта азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Кызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов баяндады.
"Шомылу маусымы кезеңінде судағы төтенше жағдайларға ден қою үшін Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді. Атап айтсақ, 54 сүңгуір маман, 18 бірлік техника, ілмелі моторлар – 16 дана, 29 жүзу құралдары: катерлер – 5 бірлік, темір қайық – 6, пластикалық қайық – 2 , үрлемелі қайық - 16. Сондай-ақ, құтқару шеңберлері, «Александров жібі» және кеудешелердің пайдалануға дайындығы тексерілді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері ұйымдарда, оқу орындарында және тұрғындар арасында «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 4 онлайн интерактивті сабақ, 30 сәуірде аудандық ТЖ және білім бөлімдерімен видеоселекторлық режимде дөңгелек үстел өткізілді. Қызылорда қаласында 44 мектепке онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сауалдарға жауап берілді", -деді Омар Құмарұлы.
Қазіргі таңда облыстағы су айдындарында 64 шомылуға қауіпті учаскі белгіленген, бұл учаскілерде 139 ескерту тақтайшасы орнатылған. Алдағы уақытта атқарылған жұмыстар өз жалғасын табады. Суға түскенде қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар!
27 мамыр 2020 ж. 687 0