Жол ережесін сақтау маңызды
Аудан көлемінде жол көлік оқиғасын болдырмау, оның алдын алу бағытында аудандық полиция бөлімінің жол потрульдік полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Рейдтік іс-шара барысында потрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін қатаң сақтау, жылдамдықты асырмау, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға қатысты көлік иелеріне түсіндірмелер жүргізуде. Сондай-ақ оқу жылы басталғаннан кейін жолда баларға да абай болу керектігін атап көрсетуде. Яғни, білім мекемелері жанында оқушыларға қауіп төндірмеуді көлік жүргізуші білуі тиістігін жеткізді.
– Жол қауіпсіздігіне қатысты тәртіп баршаға ортақ. Әрине, оны сақтамаған жағдайда жауапкершілік қаралады. Сондықтан көлік тізгіндегенде жол ережелерін қатаң сақтау қажет. Ең бастысы, әрбір азамат өзінің және өзгенің қауіпсіздігін қамтамасыз ете білуі тиіс, – дейді потрульдік полиция қызметкері О.Доспанов.
"ТТ" ақпарат