Қоғамдық кеңес мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Кездесуде тұрғындарға төрт түлік малдарын өріске айдап, өрістен күтіп алу, малдардың көшеде бей-берекет қараусыз жүруін болдырмау, қоғам тазалығын сақтау бағытында әңгімелесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ мал иелеріне кент әкімдігі мен учаскелік полиция инспекторы тарапынан егер малдары қоғамдық орындарды бүлдірсе, айыппұл салынатыны ескертілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері Жамбыл көшесінің тұрғындарына пада ұйымдастырудың тиімділігі жөнінде де насихат жұмысын жүргізді. Тұрғындар Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтқан ұсынысы орынды екенін айтып, алдағы уақытта айтылған сын-ескертпеден қорытынды шығаратындарын жеткізді.
«Тт» ақпарат