Өмірлік қиын жағдайға қалған отбасыларға көмек көрсету мәселесі қаралды
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар, «Өмірлік қиын жағдайға қалған отбасыларға көмек көрсету мәселесі бүгін "AMANAT" партиясы облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің Арал ауданында өткен көшпелі отырысында қаралды.
Жалпы Арал ауданы бойынша қала, 2 кент және 21 ауылдық округте «Бақытты отбасы» партиялық жобасы жүзеге асыру мақсатында қиын отбасыларды, отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, қатыгез қарым-қатынасты және басқада құқық бұзушылық фактілер мен мекемелерде емделіп, тәрбиеленіп жатқан балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау үшін, сондай ақ барлық анықталған жағдайлар бойынша атаулы, адрестік көмек көрсету мақсатында жедел әрекет ету топтары құрылып жұмыс жасауда. Топ құрамына аудандық ішкі істер, білім бөлімдері мен аудандық аурухана мамандары қамтылған.
Жалпы Арал ауданы бойынша қала, 2 кент және 21 ауылдық округте «Бақытты отбасы» партиялық жобасы жүзеге асыру мақсатында қиын отбасыларды, отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, қатыгез қарым-қатынасты және басқада құқық бұзушылық фактілер мен мекемелерде емделіп, тәрбиеленіп жатқан балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау үшін, сондай ақ барлық анықталған жағдайлар бойынша атаулы, адрестік көмек көрсету мақсатында жедел әрекет ету топтары құрылып жұмыс жасауда. Топ құрамына аудандық ішкі істер, білім бөлімдері мен аудандық аурухана мамандары қамтылған.
Жиын барысында аталмыш топтың атқарған жұмыс жөнінде Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әнуар Әзбергенов баяндап өтті.
Оның айтынша өткен жылы аталмыш топтар 28 отбасымен нақты жұмыс жүргізілген. Қызылорда қаласындағы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры жанындағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығына 2021 жылы 2 отбасы есепке алынып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтік көмектер алған.Болат Өтемұратов» қорынан 3 отбасы және «Қарекет» қорынан 1 отбасы тегін жеке баспанамен қамтылған.7 бала балабақшаға орналастырылып, ерекше күтімді қажет ететін отбасылардағы азаматтарға қамқоршылық және мүгедектік тағайындалуына құқықтық кеңес берілсе, 6 азамат жұмысқа орналастырылып, 5 адам қайтарымсыз несие алған.
2022 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарға келер болсақ жыл басынан бері 40 отбасының әлеуметтік жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, осы отбасылардың ішінен тұрмыс жағдайы төмен жан-жақты көмек түрлерін қажет ететін 12 отбасымен жұмыс жасалып жатыр.Атап айтар болсақ, 3 отбасы жер телімін алуға кезекке қойылды, 4 отбасы мүшесі жеке кәсіпкерге тұрақты жұмысқа орналастырылды, 2 отбасының балалары бала мүгедектігіне шығарылды, - дейді Әнуар Әзбергенов.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы Ғалия Сейітова қолайсыз отбасы ретінде тіркелген отбасы балаларымен мектеп инспекторлары, әлеуметтік педагогтар, мектеп психологтары бірлесіп балаларға әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетілуде.
- Нақты кезеңде қолайсыз отбасы есебіне тіркелген 5 отбасында 13 бала бар, олардың екеуінің әлеуметтік жағдайы жақсы, қалған 3 отбасы аз қамтылған отбасылар.Аз қамтылған отбасы балалары жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Осы аталған отбасылардың балаларына әлеуметтік жағдайына қарай балалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуының алдын алу, көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде сөз алған аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Ршымбетов суицид, зорлық зомбылық, құқықбұзушылық және қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ауданның барлық ауылдық емханалары мен дәрігерлік амбулаториялары, кеңес беру диагностикалық емханасы психологтармен және әлеуметтік қызметкерлермен толық қамтамасыз етілгендігін атап өтті.
Отырыста жұмысты жетілдіруге қатысты түрлі ұсыныстар ортаға салынып, хаттамаға енгізілді. Жиын соңында кеңес мүшелері Арал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, тиімді тұстарын өзге аудандарда енгізуге жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.
Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған көшпелі қоғамдық кеңес отырысына облыстық, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық партия филиалдарының Атқарушы хатшылары да қатысты.
Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі