Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажет

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажет

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе қатігездікке тап болған әйелдер, балалар немесе қарт ата-аналар ұшырауда. Құқық бұзушылықтардың осы түрлері латенттік сипатқа ие, өйткені бұл отбасындағы жақын адамдардың арасында орын алады.
Қылмыстық заңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұған денсаулыққа түрлі ауырлықтағы зиян келтіру, қорқыту, ұрлау, қинау, адам өлтіру, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, ұрып-соғу, азаптау, жыныстық дербес құқықтылыққа қарсы қылмыстар, адамдардың саудасы және басқа да қылмыс түрлері жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тікелей сол зорлық жасалған тұлғаларға ғана емес, жалпы қоғамға да ауқымды залал алып келеді. Отбасында жиі орын алатын зорлық-зомбылық бірінші кезекте отбасының кәмелеттік жасқа толмаған мүшелеріне әсер етіп, олардың үйлесімді дамуына кедергі келтіреді, некенің бұзылуына алып келеді. Алайда некенің бұзылуы жәбірленушіні зорлық-зомбылықтан құтқара алмауы да мүмкін.
Жиі туындаған құқық бұзушылықтар пәтердің үйдің шегінен шығып, өзге әлеуметтік салалардағы адамдардың құқықтары мен еркіндігін бұзады. Өз отбасы мүшелеріне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасайтын тұлғалардан қарсы тұрамын деп немесе жәбірленушіні қорғаймын деп көршілері, жұмыстағы әріптестері, таныстары немесе бөтен тұлғалар зардап шегуі мүмкін.
Құқық бұзушыға қатысты мынадай әсер ету шаралары қарастырылады:
  • Профилактикалық әңгіме;
  • Қорғау нұсқамасын шығару;
  • Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
  • Құқық бұзушының мінезіне ерекше талаптар белгілеу;
  • Сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көп жағдайда ашық айтыла бермейді. Сондықтан әркім мұндай жағдайға жол бермеуі тиіс. Мұнымен күресте қоғам болып атсалысу қажет. Сонда ғана тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады.

Нұрбол БАЙЖАНОВ,
Сырдария аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді
зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы
полиция лейтенанты
28 қыркүйек 2021 ж. 669 0