Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш бағыттағы әлеуметтік мәселе

Үш бағыттағы әлеуметтік мәселе

Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мәні – аз қамтылған отбасыларды қолдау болып табылады. Отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру, өз бизнесін ұйымдастыруға көмектесу және жұмыспен қамтудың басқа да түрлері арқылы табысын арттыруға бағытталған. Яғни, көмекке мұқтаж шаңыраққа қолдау көрсетіп, аяққа тұрғызу.
Атаулы әлеуметтік көмек беру 2020 жылы тоқтатылмайды, керісінше тек көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қолданысқа енгізілмек. Атап айтқанда:
Бірінші бағыт бойынша: көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген мемлекеттік жәрдемақы ұсыну пысықталуда.
Көпбалалы бұл – кәмелетке толмаған төрт немесе одан көп баласы бар отбасылар. Егер бала студент болса, онда 23 жасқа дейін кепілдендірілген төлем қарастырылады.
2020 жылдан бастап төрт баласы бар отбасыларға 42 500 теңге (отбасы мүшелеріне емес, отбасына), бес баласы барларға 53 125 теңге, алты баласы барларға 63 750 теңге, жеті және одан жоғары балалары бар отбасыларға 73 375 теңге белгіленбек.
Бұл жерде ең бастысы отбасының көпбалалы болуы, сондықтан бұл көмек отбасының табысын есепке алмастан төленеді.
Екінші бағыт бойынша: АӘК аз қамтылған отбасыларға төленеді. Отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққанда орташа табысының арасындағы айырмашылық ретінде тоқсан сайын АӘК тағайындалады. Отбасы құрамында жұмысқа қабілетті мүшелері болса, жұмыс істеуі керек. Егер жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуден бас тартатын болса, балаларға да, бұл отбасыға да жәмдемақы төленбейді.
Үшінші бағыт бойынша: АӘК шартсыз көмек алушыларға 6 айға және шартты көмек алушыларға 12 айға тағайындалатыны белгілі. Ал, 2020 жылдан бастап әлеуметтік көмек 3 айға ғана тағайындалатын болады. Себебі, үш айда отбасы құрамында және табыс көлеміне қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Бұл АӘК заңсыз тағайындамауға жасалған бірден-бір қадам.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

22 қазан 2019 ж. 688 0