Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Адамның емделуіне зор септігін тигізіп, жанашырлық танытатын медицина мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда елімізде адам денсаулығын жақсарту – басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағытта еңбек етіп жүрген ауданның медицина саласының мамандары сапалы медициналық қызмет көрсету жолында еш аянбауда.

Әлемде адамзат баласын әбігерге салған қауіпті індетке қарсы тұруда қандай қызмет жасағандарын көзімізбен көрдік!.Алаңсыз, мамыражай күнді жақындатуға үлкен үлес қосқан аудан мейірбикелерінің еңбегі ерекше. Өздерінің өміріне қауіп төнсе де, науқастардың ем алуына жағдай жасап жүрген қызметкерлерге әркез құрмет мол.

Қадірлі мейірбикелер!

Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!








Құрметпен,
Мұрат Ергешбаев,
Сырдария ауданының әкімі

12 мамыр 2022 ж. 362 0