Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қазақстан полициясы күнімен құттықтады

Аудан әкімі Қазақстан полициясы күнімен құттықтады

Құрметті тәртіп сақшылары, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсететін күн.

Қазақстан полициясы еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің, тәртіпті қамтамасыз ету мен сақтаудың, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғаудың, қылмысқа қатаң талап қоюмен қатар қабілеттілігі мықты мемлекеттік жүйе болып табылады. Мемлекетімізде құқық қорғау қызметкерлерінің мерейін арттыру үшін жарқын бастамалар жүзеге асуда.

Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді. Елімізде індет жайлағанда тәртіп сақшылары алдыңғы шепте жүріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында да қырағылық танытып, нәтижелі қызмет атқарып келеді. Сондықтан ауданның тәртіп сақшыларына зор алғысымды білдіремін.

Қадірлі полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен,
Мұрат Ергешбаев,
Сырдария ауданының әкімі
23 маусым 2021 ж. 2 839 0