Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті азаматтық қорғау саласының ардагерлері және сала қызметкерлері!

Сіздерді «19 қазан – Құтқарушылар күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Азаматтық қорғау саласына 25 жыл толып отыр. Осы ширек ғасыр уақытта елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйе қалыптасты. Табиғаттың тосын жағдайына қарсы тұратын салада еңбек ететін қызметкерлер күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алып және оларды жоюды қамтамасыз етіп келеді.

Құтқарушы болу – өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау – ең басты міндет болып табылады. Осындай жауапкершілігі мол, қиын және қауіпті салада жүрген ауданның төтенше жағдай қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Қандай қиыншылыққа тап келсе де олар барлығына жігерлілік танытуда. Аудандағы төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрген әр қызметкердің жұмысы – ерлікпен пара-пар.

Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,
Талғат Дүйсебаев,
Сырдария ауданының әкімі
19 қазан 2020 ж. 1 508 0