Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты

Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты

1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.

Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда.

Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Сіздерді еліміз үшін ең қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күн – киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін күрескен ата-бабаларымыздың асқақ армандардарының орындалған күні.

Бұл күн – өз болашағымызды өзіміз айқындауға қол жеткізген ұлы күн! Сондықтан да тарихы тереңде жатқан 16 желтоқсан біз үшін қасиетті күн.

Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ.

✅Елбасы егемендіктің алғашқы күндерінен бастап тәуелсіз сот, қуатты құқық қорғау органдарын құруды демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп, осыған қатысты шаралардың жедел жүзеге асыруын талап етті.Сондықтан мемлекеттік биліктің бір тармағы – сот жүйесінде болған тың өзгерістерге Президенттің қамқорлығы мен көреген саясаты серпіліс бергені сөзсіз.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға 2008 жылы 17 қарашада өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесінің негізін қалады.2010 жылы 1 қаңтардан бастап сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесі іске қосылды. Сот жүйесінде болған түбегейлі өзгерістер баршаның сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген тұлғалардың өз құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, азаматтардың сот билігіне сенімін күшейтті.

Қазақстанның сот жүйесі цифрландыру процесінде алғаш новаторлық көзқарас танытқан мемлекеттік құрылымдардың бірі десек қателеспейміз. Кейінгі кезде аталған жүйе жетілдіріліп, сотқа қатысушы тараптарға «онлайн» режимде сотқа қатысу мүмкіндігі жасалды. Қазір азаматтар қай қалада жүрсе де бейнебайланыс арқылы республиканың кез-келген сотымен байланысқа шыға алады. Әсіресе пандемия жағдайын да мұндай байланыс түрінің өзектілігі арта түсті. 2020 жылы төтенше жағдай жарияланып, барлық обьектілер жабылып, жүріс-тұрыс шектелген кезде, соттар жұмысы тоқтаған жоқ. Себебі, процестер түбегейлі онлайн режимге көшті.Дәл осы уақытта Европа елдерінің сотттары жабылып, жұмыстары тоқтағанын жаңалықтардан көріп отырдық. Пандемия әлі де аяқталған жоқ. Демек, соттар да жаңа жұмыс тәсілін одан әрі жалғастырып жатыр. Басты міндет – халық денсаулығын сақтай отырып, олардың құқықтарын қорғау.

Тағы бір жетістік – электрондық құжат айналымы жүйесінің енгізілуі. Бұл соттардағы «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы барлық хат-хабарлар, оның ішінде сот істерін судьялар арасында автоматты түрде бөлу, азаматтарға «Сот кабинеті» арқылы өтініш беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде резонансты істер бойынша судьялар іс аяқталған бойда бринфингтер өткізу тәжірбиесін кеңінен насихаттап жүр. Мұндай тәсіл сот шешіміне қоғам наразылғын азайтып, жалған ақпараттардың таралуын алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.

✅Сот жүйесі басымдықтарының тағы бірі – дауды шешудің баламалы тәсілдерінің енгізумен байланысты. Мәселең, 2011 жылы 28 қаңтарда
« Медиация туралы» арнайы заң қабылданып, өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Жоғары Соттың бастамасымен «Татуласу сотқа дейін, сотта» деп аталатын жоба іске қосылды. Аталмыш жоба бітімгершілік рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтіп, істерді қарау мен шешуде тараптардың уақытын және қаржылай шығынын үнемдеу, сот жүктемесін неғұрлым азайтуға бағытталады. Негізінен медиация азаматтық және қылмыстық істердің бірқатар санаттарына қолданылатын еді. Алайда 2019 жылы қолданысқа енген заңнамалық өзгерістерге байланысты медиация рәсімімен татуласу мүкіндігі әкімшілік істерде де пайда болды. Сондай-ақ «сот медиациясы» деген жаңа ұғым енгізілді.

Бұл дегеніміз арнайы татуластырушы-судья бейтарап әрі тәуелсіз негізде екі тарапты ымыраға келтіруге жұмыстанады. Жылдан жылға сот қызметінің заманауи үлгісі енгізіліп, артық сот үрдістері қысқартылуда.

Мәселен, биылғы жылдың басты жаңалығы әкімшілік әділет жүйесінің іске қосылуы болды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап алғаш рет Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енді. Бұл институт мемлекеттік аппарат пен азаматтардың, өзара қарым-қатынасын жаңадан қалыптастырады. Институттың ерекшелігі – соттар ауқымды мемлекеттік аппаратпен құқықтық қарым қатынасқа түскен қарапайым азаматтарға жақтасады, мейлінше істің болжалды түрде өтуіне ықпал етеді. Жоғары аталған жұмыстар сот жүйесінде орын алып жатқан ауқымды реформаның бір парасы ғана. Жасалып жатқан жұмыстардың ортақ мақсаты – азаматтар сенімін арттыру болып табылады. «Халқы сотына сенетін, заңын сыйлайтын қоғам, ең дамыған қоғам»,- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөзі өзектілігн жоғалтпағанын көріп отырмыз.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал.

Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

Руслан Алдамбергенов,
Сырдария аудандық сотының төрағасы


14 желтоқсан 2021 ж. 264 0