Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше қасиетті күн

Ерекше қасиетті күн

Көк туын желбіреткен, Әнұранын шарықтатқан елімізді қазірде бүкіл әлем мойындайды. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы  уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың  күні. 1991 жыл – еліміздің  Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бос­тандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік  құн­дылығы.

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көте­ретін күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осынау мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды алдымызға қойып отыр. Ата-бабаларымыздың жүрегінде Тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Біздің халқымыздың ата-мекенді ардақтау се­зімі өте терең. Олар үшін туған жерді қадір тұту – қанға сіңген қасиет, ежелгі дәстүр. Бұл таным, біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. Хал­қымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау – бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу – парыз деген ізгі мұраты екен.

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылық­та­рымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш халық ретінде жа­риялаған Тәуелсіздік күнінде еліміздің туы асқақ­тап, келешегі көркейе берсін.
Тәуелсіздігіміз баянды, ел-жұртымыз аман  болсын!

 Р.Алдамбергенов,
 Сырдария аудандық
 сотының төрағасы

16 желтоқсан 2020 ж. 526 0