Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күресте жауапкершілік баршаға ортақ

Жемқорлықпен күресте жауапкершілік баршаға ортақ

«Нағыз парасат – бәрін басқаратын ережені игеру» деп философ Гераклит айтқандай, мемлекеттік құрылымға жетекшілік ету зор жауапкершілікті жүктейді. Саяси қызметтің мәртебесін көтеру арқылы сыбайластық факторларды жою маңызды рөлге ие. Сыбайлас-жемқорлықпен күресте мемлекеттің қазынасын тиімді мақсатта игеру қағидаттары қарастырылған. Қандай қызмет болмасын адалдықты ту еткен азаматтар абыройына нұқсан келтірмеуі керек. Ең маңыздысы, халықтың сенім үдесінен шыға білу. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесінде көпшілік көкейінде сан алуан пікір қалыптасқан. Әрбір қызметте этика нормаларына сәйкес, Заң бұзушылыққа жол беретін жекелеген тұлғаларға жауапқа тартылатыны сөзсіз.

Иә, біздің тақырыбызға арқау болып отырған сыбайлас жемқорлық факторлары өмірімізден алыстаған емес. Заң шеңберінде лазауымды тұлғалар мен жекелеген қызметкерлер жасаған теріс әркеттері үшін жауаптылыққа тартылуда. Мәселен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті сыбайлас-жемқорлық тәуекелдеріне байланысты бірнеше талдау жүргізген. Департамент қызметкерлері арнайы талдау нәтижесінде белгіленген мекемелерге 69 өтінім түсірген. Қоғам дертімен күресте департамент қызметкерлері арнайы мониторинг жұмыстарына иек артады. Бұл ретте, мониторинг қызметі сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылығы туралы заңнамалақы норманың күшіне енген уақыттан жүргізіліп келеді. Шын мәнінде, қарамағындағы қызметкерлердің қылмыс жасау дерегі бойынша басшылардың да жауапкершілігі қаралады. Яғни, қызметкерлердің адал жұмыс жасауын алдымен басшылар қамтамасыз ете білуі тиіс.

Қоғам індетіне қарсы мониторингтің құрылымы сыбайласжемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, аталған салада іс-қимыл құқығын қолдану тәжірибесінің жағдайына, қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына байланысты негізгі ақпарат саналады. Осы негізде департамент биыл 10 айда 2 кешенді, 7 тақырыптық мониторинг жүргізген. Онда мемлекеттік және әлеуметтік мәселелер толықтай қамтылған.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тың жобалары жүзеге асып, азаматтарға құқықтық-түсіндірмен жұмыстары жыл бойы жалғасын тапқан. Республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарына 700-ге жуық жарияланым шыққан. «Адал көмек» жобасы аясында аясында түрлі сала мамандарына, адвокаттар мен юристтерге тегін құқықтық кеңес берілген. Сонымен бірге, «Парасаттылық жолы», «Antikor.Live» жобасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың негізгі бөлігі саналады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» деп Арестотель айтқан екен. Қай кезде де жымысқы әрекетімен мемлекет бастамаларына, еліміздің өсіп-өркендеуіне кәсапатын тигізетін тұлғаларды жазалау – міндет. Экономика қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық себепкер жандарды түзеу Заң аясында ғана шешіледі. Қоғам дертімен күресте жауапкершілік баршаға ортақ.


Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі



29 қараша 2021 ж. 424 0