Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ

Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ


Сыбайлас жемқорлық – қазіргі таңда заман ағысымен бірге елдің экономикалық дамуымен қатар тамырын тереңге жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қауіпті дерттің бірі. Бұл дерт біздің жас дамушы мемлекетіміздің бұдан әрі өркендеуіне үлкен нұқсан келтіреді.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп қана қоймай, беделіне нұқсан келтіреді және заң қағидаларын теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының заңды мүдделерінің бұзылуына жол беріледі. Міне осындай заң бұзушылықтарға бой алдырмай, жолын кесуде қоғам болып бірлесіп атсалысуымыз қажет. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар, ұжымдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында ұстаздар мен оқушылар, ата-аналардың қатысуымен жемқорлыққа қарсы тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына салтанатты қабылдау шаралары өткізіліп келеді. Бұл іс-шаралардың негізі де еліміздің болашағы өскелең жас ұрпақтың таза, адал, адамгершілік қадір-қасиеттерін бойға сіңіріп, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлықсыз бұдан әрі дамуына, өсіп-өркендеуіне сенім арту.
Сыбайлас жемқорлық пен заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеудің бірден бір кілті ол – халық. Бұл ретте халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру өте маңызды. Халық өз құқықтарына қандай да бір қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін білулері қажет. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу – барша азаматтың азаматтық борышы деп білу маңызды.

Қалихан ОМАРОВ,
аудандық білім бөлімінің басшысы
12 мамыр 2020 ж. 779 0