Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі кәсіби мерекемен құттықтады

Аудан әкімі кәсіби мерекемен құттықтады

Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасы статистика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сала еңбеккерлерінің ынтымақты жұмысы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға­ мол мүмкіндік береді. Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, ұлттық экономиканың қарқынын және тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді. Әр күнгі тынымсыз істеріңіз арқылы Сіздер ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденіп дамуына сүбелі үлестеріңізді қосып келесіздер.

Құрметті сала мамандары!
Сіздердің күнделікті кәсіби қызметтеріңіз бен еңбектеріңіз біздің ауданның тұрақты дамуының кепілі екені сөзсіз. Барша статист мамандарды мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор табыс тілеймін!

Құрметпен,
Сырдария ауданының әкімі
Мұрат Ергешбаев

08 қараша 2021 ж. 693 0