Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті мұнай - газ кешені қызметкерлері!
Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын .

Бүгінгі мереке - осы салада еңбек етіп жүрген барша құбыр жəне өндірістік нысандар құрылысы, тасымал қызметі, байланыс, зертханалар, бұрғылау қондырғылары, автоматика мамандары жəне тағы басқа көптеген инженер, ғалым-технологтардың да мейрамы.

Мұнай кен орындары ашылған жəне «қара алтын» өндірілетін мұнайлы мекен тұрғындары да осы күнді ерекше сезіммен күтіп, тойлайды. Сіздердің ерлік еңбектеріңіздің арқасында халық күнделікті өмірде заманауи игіліктерді пайдаланып, жайлы тұрмыс кешуде. Мұнай-газ кешені еліміздің əлеуметтік, экономикалық кемелденуіне, ел дəулетін ұлғайтуға қол жеткізіп, жарқын болашақ үшін берік негіз қалауға, əлем нарығындағы бəсекелестікке қабілетті болуына сүбелі үлес қосып келеді.

Осындай айтулы күні , Сіздерді Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кəсіби мерекесімен құттықтаймын ! Баршаңызға алдағы уақытта да мемлекетіміздің алға қойған міндеттерін жоғары деңгейде орындап, еліміздің қуаты өсіп, өркендеуі жолындағы абыройлы істеріңіздің ырысы мен берекесін көре беріңіздер деген тілегімді білдіремін. Сіздердің əрқайсыңызға таусылмас күш-жігер, еңбектеріңізге еселі табыс, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін! Жомарт жерден мол мұнай алып, ел ырысын ұлғайту жолындағы барша бастама - талпыныстарыңыз сəтті болсын!

Ізгі ниетпен,
Мұрат Ергешбаев,
Сырдария ауданының әкімі.
05 қыркүйек 2021 ж. 330 0