Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтуде

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтуде

Жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында аудан көлемінде мамырдың 21-23 аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
«Қауіпсіз жол» шарасы аясында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді бұзғандарды анықтауға назар аударуда.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«ТТ» ақпарат
21 мамыр 2020 ж. 2 609 0