Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Автокөліктер қысқа дайын болу қажет

Автокөліктер қысқа дайын болу қажет

Кеше аудандық полиция бөліміне қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз жол» шарасы өт­кізілді. Шара барысында аға қызмет инс­пекторы, полиция аға лейтенанты Ә.Әбдірәсіл мен қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Е.Сарынбаев, О.Доспанов жол көлік оқиғасын болдырмау мақсатында арнайы ережелерді жүргізушілерге түсіндірді.

– Табиғаттың тосын жағдайына қай кезде де қарсы тұру мүмкін емес. Соңғы уақытта жол апаты жиілеп, адам шығыны орын алуда. Автокөліктің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету керекпіз. Қысқы маусымға арналған дөңгелектерді дер кезінде ауыстырып, қосалқы бөлшектерін жөндеу маңызды және жол қауіпсіздігін ережелерін сақтаған абзал, – деді аға қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Ә.Әбдірәсіл.

Өз кезегінде көлік жүргізушілері барлық бағытта жол қозғалысын реттеу бойынша сала мамандарына сауалдарын қойды. Аудандық полиция бөліміне қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының мамандары қыс маусымында орын алатын жол көлік апаттарының алдын-алу жөнінде ережені қатаң ұстау керектігін қоғам­дық көлік жүргізушілеріне ескертті.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
17 қараша 2020 ж. 574 0